«Шымбұлақ» тау курортының Кіші Алматы шатқалында Тянь-Шань шыршаларын қалпына келтіру бойынша ұзақ мерзімді бастамасы
500
Тянь-Шань шыршалары отырғызылды
Бастама туралы
Shyrshaly («Шыршалы орман» атауының қысқаша нұсқасы) — «Шымбұлақ» тау курорты мен «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесіп жүзеге асырып жатқан ауқымды экологиялық бастама. Жоба Кіші Алматы шатқалындағы Тянь-Шань шыршалары өсетін орман алқабын сақтап, қалпына келтіруге бағытталған.
Бастапқы кезеңде көшеттер топырақ эрозиясы мен қар көшкінінің алдын алу үшін курорт аумағында отырғызылады. Келесі кезеңде бастама шатқалдың басқа да осал бөліктерін, соның ішінде 2011 жылғы дауылдан қатты зардап шеккен учаскелерді, қамтиды.
Біз:
Жергілікті жағдайларға бейімделген мыңдаған Тянь-Шань шыршаларын отырғызамыз
Топырақ пен тау етегін нығайтып, көшкін мен эрозия қаупін төмендетеміз
Топырақ қабатын және су ресурстарын қорғаймыз
Жергілікті қауымдастықтарды, еріктілер мен мамандарды тартамыз
Ғалымдармен бірге жұмыс істейміз
Байланыс
+7 727 331 77 77 info@shymbulak.com
Керей-Жәнібек хандар көшесі, 640В Медеу ауданы, Алматы, 050020